Та?ырыбы: С?зж?мба? (8 класс)

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы
№ 9 жалпы білім беру орта мектебінің технология пәнінің мұғалімі Куянбаева Кумуш Айдарбаевна

І.СӨЗЖҰМБАҚ
1. Тықыр немесе түкті тоқылған бұйым. 1
2
4
3
5
7
8
12

2. Киім немесе басқа затқазатқа
дайындама арналған.
3. Денені табиғи құбылыстан
қорғайтын қабат.
4. Қол өнердің бір түрі.
5. Кестелеген ұзын орамал.
6
6. Бұйымды көктеп тігу әдісі.
7. Ою өрнекке сән
беретін барқыт.
9
8. Қол өнердәң мата киынды-
ларынан
10
Тігілетін түрі.
9. Әйелдердің әшекей бұйымы.
11
10. Саусақтың басына киетін темір қалпақ.
11. Өруге, тігуге арнап иленген ірі мал терісі.
12. Екі түсті киізден жасалған төсеніш.
ІІ. ОЙЛАП ТАП
Сөйлемнің құрамындағы әр сөз «А» әріпінен басталатын ең ұзақ сөйлем құрыңыз.
І. Жауап: кілем, үлгі, киім, кесте, сүлгі, жөрмеу, мақпал, құрақ, ырға, оймақ, қайыс, сырмақ.
Сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: Иық бұйымдары бөлшектерін пішу.
Сабақтың мақсаты: пішу ережелері туралы алғашқы мәліметтер беру. Матаның техникалық шарттарымен таныстыру.
Дамытушылық мақсаты: оқушыларға бағыт- бағдар бере отырып, өздіктерінен жұмыс істеу, ой өрісін дамыту, білім, іскерлік дағдыларын қалыптастыру, жеке және топтық жұмыста шапшаңдықпен ұқыптылыққа машықтандыру.
Тәрбиелік мақсаты: жұмыс барысында эстетикалық талғам қалыптастыра отырып, еңбексүйгіштікке, ептілікке, икемділікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: плакат « Пішудегі реттілік», нұсқау карта. Мақал- мәтелдер: Көп оқыған білмейді,
көп тоқыған біледі.
Оқығаныңды айтпа,
тоқығаныңды айт.
Ғылым- теңіз,
Білім қайық.
Көлеңкеңе қарап көйлек пішпес болар.
Оймақ пішсенде ойлап піш.
Үлгілер: әр оқушы өзіне дайындаған үлгі.
Жабдықтар: миллиметрлік сызғыш немесе масштабты сызғыш, сантиметрлік таспа, кестелер.
Эпиграф: «Киім- сұлулық ұғымының бір түрі» (М. Горкий).
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушылырмен сәлемдесу.
2. Оларды түгендеу.
3. Үй тапсырманы тексеру.
4. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Танымдық маңызы бар мәліметтер беру: көйлек немесе халат пішкен кезде бұйымның сәнділігі (фасоны) тігуге арналған матаға байланысты. Балалардың міндеті- нақты стильде орындалған ерекше бұйымды ойлап табу. Қиынды бөлшектерін ұқсатуға тырыстыру. Экономикалық принципті ұстауды, ысырап жасамауға дағдыландыру.
ІІ. Карточкамен жұмыс істеу. а) Сызба дегеніміз не? /Көлденең сызықтар, вертикаль сызықтар/. б) Пішінді олшеу әдістері. в) Киім адам денесіне қонымды болу үшін не істеу керек? г) Пішуші сызғыштың кәдімгі сызғыштан айырмашылығы қандай, 1:4 деген масштабты қалай түсінесің? д) Өлшем кезінде неліктен жіппен қынаймыз? е) Қауіпсіздік ережелері. ж) Киімге қойылатын талаптар. /Әсемдік, ыңғайлылық, гигиеналығы, ұзақ мерзімге жарамдылығы/. з) Киімге осы талаптар сай келуі кімге және неге байланысты? /Әсемдігі- модельерге, ыңғайлылығы- тігіншіге, гигиеналығы- беріктігі/. и) Халаттың немесе түнгі көйлектің сызбасын тақтаға салып шығу.
ІІІ. Жаңа тақырып
Ертеде кез келген киімді, бұйымды көзбен жобалап (шерімбет шамамен) пішкендіктен, көпшілік киген киімдердің құрылымы күрделі болмаған. Киім қиындыларының бөлшектері негізінен тік төртбұрыш, төрт бұрыш болып келген. Ежелгі Греция мен Рим, Үндістан мен Қытай, Ресей мен Қазақстан тұрғындарының киім- кешектері барынша қарапайым болған. Жүре келе киім киындылары күрделене түсті бұйым құрастырудың ортақ жүйесі шықты. Сөйтіп бұйымдар өндіріс орындарында тігіле бастады. Бұйымды тікпес бұрын оның көркемдік жобасын немесе эскизін жобасын орындау керек. Бұл көркемдік «үлгілеу» деп аталады. Есептеу арқылы қатпардың, бүрменің, қалталардың, фигуралық сызықтардың макеті жасалады. Бұл «техникалық үлгілеу» деп аталады. Көркемдеу: калталар бүрмелеу, жиектемелер, аппликациялар арқылы фасонын өзгертіп, сәндік стильде әр оқушы өзі ойлап табады.Осыдан барып оқушылар жоба арқылы жұмыс істей алады.
Пішу- тігін бұйымын дайындау кезіндегі аса маңызды процестердің бірі. Пішу кезіндегі сызбаны айналдыра жүргізу тұтас сызық- тігу сызығы. Санаулы өлшемдер қалдыра отырып үзік сызықпен айналдырамыз. Бұл сызық қию сызығы деп аталады.
Декатирлеу- апшымау үшін алдын ала пішпей тұрып үтіктеу.
Матаның өңін ішін де қаратып, беттестіріп бүктеңіз. Сызбаны орналастырып қырқылатын тұстарын белгілейміз.
Бөлшектерді тиімдерді жаю. Матаға бөлшектерді матаның еніне, ондағы суреттердің бағыты, бөлшек санын, сондай-ақ бұйым фасонына байланысты әртүрлі етіп жайып қойып шығады. Пішу алдында матаның өң және терістеме жағын ажыратып, ақауларын тексеріп, түгінің жату бағытын және суреттерің бағыттарын анықтап алу қажет.
«Келісіп рішкен тон келте болмас», «Жеті рет өлше бір рет кес», «Оймақ ойсанда ойлап ой» деген мақалдарды айта отырып, бірнеше рет тексеріп қырқа бастаймыз. Пішілгеннен кейін оқушылардың жұмысын бағалау керек.
Киім пішер кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақта!
Пішу барысындағы реттілік.
1. Сапасын тексеру.
2. Матаның оң және теріс беттерін анықтау.
3. Матаның ұзындығын, енін өлшеу, суретін байқау.
4. Матаны дымқылдау, үтіктеу.
5. Матаның оң жағын ішіне қаратып беттестіріп бүктейміз, бүктемесін өзімізге қаратамыз.
6. Матаны үнемді пайдаланамыз.
7. Қауіпсіздік ережелерін сақтау.
V. Қорытындылау:
1. Неліктен пішілген матаның теріс жағы ішіне қарай беттестіріледі?
2. Киімнің қандай көне түрін білесіндер?
3. Киім не үшін қолданылады?
4. Пішу алдында неге көңіл аудару керек?
5. Тігіс үшін қосымшалар қалдыру қажет пе?
Үй тапсырмасы: Бұйым бөлшектерін тігіске қалдырылған қосымша сызык бойымен пішу.
Бағалау.

Скачать оригинальный файл

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *