Презентация к уроку казахского языка в 2 классе по теме ?й жануарлары

Сабақ жоспары
Пән: қазақ тілі
Сынып: 2 «Б»
Сабақтың тақырыбы: Үй жануарлары
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: үй жануарлары мен олардың төлдерінінің атауларымен таныстыру, үй жануарларына байланысты ертегі, ән, тақпақтар туралы түсінік беру.
Дамытушылық: тақырып бойынша сөздік қорды меңгерту, байланыстыра сөйлеуге үйрету.
Тәрбиелік: Төрт түлікті дәріптеу арқылы қазақ тіліне деген қызығушылығы артады, үй жануарларына, олардың төлдеріне сүйіспеншілікпен қарау.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдіс – тәсілдері: түсіндіру, сөздік, сұрақ – жауап, көрнекілік, әңгімелесу.
Сабақтың көрнекілігі: тірек сызба, сөзжұмбақ, тақырыпқа сай сюжеттік суретттер, буклет, слайд.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Амандасу.
Бүгін нешесі?
Бүгін сабақта кім жоқ?
Аптаның қай күні?
Ауа райы қандай?
Үй жануарларын ата.
Үй тапсырмасын тексеру:
Берілген суреттердің қазақ тілінде атауларын атап сөз тіркесін құрастыру.
Жасыл жапырақ
Бес сары жапырақ
Үлкен ағаш
Құстар ұшып кетеді
Жаңбыр жауады
Жаңа сабақ.
1-тапсырмадағы суреттер бойынша үй жануарлары мен олардың төлдерінің атауларын атайды.
Мына суреттерде нелер бейнеленген?
Үй жануарлардың пайдасы қандай?
Төлдерін ата.
Бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай?
Мақсатымен таныстыру
2 тапсырмадағы жұмбақты оқу, оқушылар жауабын табады.
Он бір түйе, бес жылқы,
Екі сиыр, бес ешкі.
Алты қозы, екі қой,
Бәрін санап, айта ғой.
11+5+2+5+6+2=
Жұмбақтың жауабы: 31
3 – тапсырмадағы сурет бойынша сөйлесу үлгісіне үш оқушы тақтаға шығып ,рөлге бөлініп оқиды. Қошақаным әні орындалады.
4 – тапсырмада лақ туралы ертегі, ал қозы туралы ән бар екені туралы түсінік беріледі. Оқушылар сөйлемдерді толықтырып оқу арқылы бұл ақпаратты нақтылай түседі.
5 – тапсырмадағы сөйлесу үлгісін оқу арқылы оқушылар бота туралы тақпақ бар деген қорытынды жасап, 6- тапсырмадағы осы бота туралы тақпақты мәнерлеп оқиды. тақпақ хормен қайталату арқылы жатталады.
Боташым
Айналайын жан ботам!
Кіп-кішкентай ақ ботам!
Айым, күнім, боташым,
Қуанады анашың.
Сергіту сәті.
1,2,3,
Ал, кәнеки, ұш!
4,5,6,7,
Мынау – ауыл шеті.
8,9,10,
Ал, кәнеки, қон.
Жазу дәптеріндегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықтағы лексика-грамматикалық тапсырмаларды бекіте түседі.
тап. Суретке қара. Жаз.
тап. Сөйлемді толықтырып жаз.
Тап. Сөзжұмбақты шеш
қ о й
т ү й е
с и ы р
е ш к і
ж ы л қ ы

қ о з ы
б о т а
б ұ з а у
л а қ
қ ұ л ы н
Сабақты бекіту: тақтада ұсынылған құпия сөздердің дұрыс жауабын жедел табулары керек.
бтао – бота
үйте – түйе
ызоқ – қозы
кзү – күз
ергеті – ертегі
қапқат – тақпақ
Үй тапсырмасы: 41 беттегі 6 – тапсырмада берілген тақпақты жаттау.
Бағалау:

Скачать оригинальный файл

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *