Л дыбысы дайынды? кезе?і

Сабақтың тақырыбы: Л дыбысы
Кезең : дайындық кезеңі
Мақсаты: Артикуляциялық және есту аппараттарын [л] дыбысын
қоюға дайындау.
Міндеттері:
Білімділік: [Л] дыбысын қою үшін артикуляциялық аппарат мүшелерінің
қимылдарын дайындау.
Дамытушылық: Кеңістікте бағдарлауын, зейінін, есте сақтауын,
фонематикалық естеуін дамыту.
Түзетушілік: Құстар туралы жалпы түсініктерін жетілдіру. Байланыстырып сөйлеу тілін қалыптастыру. Сөйлеу кезінде дұрыс тыныс алуын дамыту.
Тәрбиелік: Құстарға деген сүйіспеншілігін арттыру.
Сабақтың көрнекілігі: құстардың суреті бейнеленген заттық суреттер, шар, жапырақ, көбелек,
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
-Лексикалық тақырып бойынша құстармен таныстыру.
ІІ. Кеңістікте бағдарлауын дамыту.
Оң жағыңда қай құс?
Сол жағыңда қай құс?
Алдыңда қай құс?
Артыңда қай құс?
Орындықтың астында қай құс жасырынған?
ІІІ. Артик уляциялық жаттығулар.
Мимикалық жаттығу:
-Жылы жаққа ұшып бара жатқан қарлығаш сияқты көңілсіз боламыз.
-Ал сен күлімдеп көңілін көтер.
Ерінге арналған жаттығулар:
«Балапандар аузын кең ашып, тамақ сұрап жатыр».
-Балапандар қарындары ашқанда ауыздарын ашып шиқылдайды. Олар анасы әкелген тамақты жеу үшін тұмсықтарын ашады. Ауызды [ а] дыбысын айтқандай, кең ашамыз.Тілді ауыз қуысынан сыртқа шығарамыз. Осы қалыпта 3 -4 сек. Қстап тұрамыз, кейін ауызды жабамыз.
Тілге арналған жаттығулар:
«Кеме»
«Серуен»
«Алтыбақан»
«Жоғарғы, төменгі тістерді тазалау»
ІҮ. Тыныс алу жаттығуы.
Ауа ағымын дұрыс қалыптпстыруға арналған ойындар.
«Шар үрлеу»
«Жапырақ үрлеу»
«Көбелекті ұшыру»
Ү. Фонематикалық есту қабілетін дамыту.
«Дыбысты ұста» ойыны.
ҮІ. Логикалық ойлау қабілетін дамытуға арналған тапсырма.
«Құстардың балапандарын табуға көмектес» ойыны.
-Балалар суретке қарап, әр бір құстың жанына сәйкес балапандарды сызықпен қосады.
ҮІІ. Қолдың ұсақ моторикасын дамыту.
Сауысқан — ау, сауысқан,
Келіп қапсың алыстан,
Тамағыңды тауысқан.
ҮІІІ. Үйге тапсырма. Қарлығаштың суретін салып, бояп кел.
ІХ. Сабақты қорытындылау
-Біз бүгін қай дыбысты өттік?
-Жарайсың!

Скачать оригинальный файл

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *