Л дыбысы ашы? саба?

Сабақтың тақырыбы: Л дыбысы
Кезең : Буындарда машықтау
Мақсаты: Сөйлеу тілінің грамматикалық құрылымын қалыптастыру.
Міндеттері:
Білімділік: Л дыбысын сөздерде машықтау.
Дамытушылық: Көру, есту және ойлау процестерін, зейінін, есте сақтауын дамыту. Артикуляциялық аппараттарының қимыл — қозғалысын дамыту. Дауыстың жоғарлығы мен күшін дамыту.
Түзетушілік: Сөз құрамынан дыбысты бөлуге жаттықтыру. Сөздегі дыбыстың орнын табу білігін жетілдіру. Дыбыстық талдау және жинақтау дағдысын қалыптастыру. Дауысты және дауыссыз дыбыстар туралы түсініктерін қалыптастыру. Сөздерді буынға бөлуге үйрету. Сөз қорын молайту.
Тәрбиелік: Білімділікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Л дыбысының кескіні, қуыршақ, атауында л дыбысы бар суреттер (лақ, ұлу, маймыл, гүл, балға, балта, алма), текшелер
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
-Л дыбысын әндету :ЛЛЛ
-Кішкентай кеменің даусы қандай? Есімізге түсірейік (ллллл), ол алыста жүр (ллл), енді жақынға жүзіп келіпті (ЛЛЛЛЛЛ). (балалар алыста — жақында жүзіп жүрген кеменің даусын салады. )
ІІ.Балалар бүгін бізге қонаққа кемемен жүзіп қуыршақ келіпті.
-Ол маған менің атымды тауып көріңдерші дейді. Ол үшін бізге көмек береді.
-Бірінші көмек, оның аты мына суреттердің атауларында жиі кездесетін дыбыстан басталады, ол дауыссыз дыбыс (үстел бетіне л дыбысы бар суреттер қойылады. Лақ, ұлу, маймыл, гүл, балға, балта, алма).
-Дұрыс айтасыңдар, ол дыбыс Л. Олай болса, суреттерді атап дауыстап буынға бөлейік. (баллл- ға, баллл — та, аллл- ма, ллл- ақ).
-Сонымен біздің қуыршақтың аты қандай әріптен басталады екен (л).
— Балалар бәріміз ойланып көрейікші, Л дыбысынан басталатын қандай ат бар еді. (Лаура)
-Жарайсыңдар!
ІІІ. Артикуляциялық жаттығулар.
«Әткеншек»
«Сағат»
«Тәтті тосап»
«Ат шабады»
«Барабан»
«Сылақшы»
ІҮ. Дыбыстың артикуляциясын, оның жеке айтылуын анықтау, сипаттама беру.
-Балалар Лаура бізге өте риза. Өйткені сендер оның атын дұрыс таптыңдар. Олда сендер сияқта Л дыбысын жақында үйреніпті, сондықтан ол сендердің осы дыбыстар туралы не білетіндеріңді естігісі келіп тұр.
-Кәне – Л- дыбысын айтып, тіліміз, еріндеріміз, тістеріміз, қандай қалыпта болып, не істейтінін айтайықшы. (балалар сипаттама береді.)
Ү. Дыбысты буындарға, сөздерге енгізу.
-Лаура кетті, сен де оның туған күніне бару үшін дайындал. Ол үшін сен сыйлық және ойындар дайындауың керек.
-Дысбыстық талдау жасау дағдыларын дамыту.
— Үстел үстінде суреттер жұп-жұбымен жатыр (барлық суреттердің атауында-л дыбысы бар), кәне атап шық ( лақ-балта, лашын -алмұрт, алма-балға) бала-л дыбысын анық айтып суреттерді атайды.
-Әр суреттің атауында қандай дыбыс бар? (л).
-Қазір суреттің жұбын тап: бір суреттің атауында алғашқы дыбыс қай дыбыс болса, сол дыбыстан басталатын сурет жұптың екіншісі болады (лақ-лашын, балта-балға, алма-алмұрт).
ҮІ. Дыбыстық талдау – жинақтауын дамыту.
« Сөз бөлшектерге бөлініп қалады» ойыны.
Менің сөзім бөлшектерге бөлініп қалады да, оның бөлшектерінің орындары ауысып кетті. Сен сөзді біріктір (суреттердің көмегінсіз).
(лам-қа-қалам, шын-ла-лашын, лақ-құ-құлақ).
«Төртінші артық» ойыны.
-Бізге қуыршақтың атын табуға көмектескен суреттермен тағы ойын ойнайық. (суреттер қалам, балта, балға, шалғы).
-Бұл суреттердің ішіндегі қайысы артық? ( артық сурет қалам, себебі ол еңбек құралы емес, осы сурет алынып тасталынады).
Сөз өзгертуді дамыту жұмысы.
-Жанағы суреттердегі заттарды мен атаймын, сен көпше түрін ата:
-балта-балта-лар
-балға-балға-лар
-шалғы-шалғы-лар
(логопед баланың-л дыбысын дұрыс айтқанын қадағалайды).
Фонематкалық түсініктерін дамыту.
-Ойын ойнап болдық. Енді Лаураға сыйлайтын сыйлық туралы ойланайық.
Ол – Л дыбысын жақсы көреді. Біз Лаураға суреттер салып сыйлайық. Ал суреттерде берілген заттардың атауында-л дыбысы болсын.
ҮІІ. Сабақты қорытындылау.
-Кімнің туған күні болды?
-Жарайсың.

Скачать оригинальный файл

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *