XXI ?асыр к?шбасшысы(9 класс)

«XXI ғасыр көшбасшысы»
Зияткерлік шоу

2015/2016 оқу жылы
«XXI ғасыр көшбасшысы» зияткерлік шоу.
Мақсаты: а) оқушыларды ізденемпаздыққа,тапқырлыққа баулу;
ә) елінің дәстүрін сыйлауға тәрбиелеу;
б) ойлау қабілетін арттыру;
Барысы:
1.Бәйге сайысы
2.«Тіл-өнер» сайысы
3.«Жеті жұмбақ» сайысы
4.Тақырып бойынша
5.«Жорға» сайысы
6.Қазылар шешімі
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар «XXI ғасыр көшбасшысы» зияткерлік ойынына қош келдіңіздер!
Ойынды бастауға рұқсат етіңіздер!
Біреуінің жүрегінің түгі бар,
Біреуінің сенім артқан жүгі бар,
Біреуінің күмбірлеген күйі бар,
Біреуінің қатты істейтін миы бар.
Ойыншыларымызды ортаға шақырамыз.
9 Б сыныбынан: Мереке Жасұлан
Нарыков Серік
9 В сыныбынан: Сапаров Жалғас
Қармыс Сұлтанбек
9 Г сыныбынан: Сырғабаева Назерке
Сейдоллаева Гүлжайна
Қазылық айтар қазылар алқасы: Умиразакова Бахыт
Сеңгірбаева Шолпан
Есепші: Тақышева Бақтыгүл
I бөлім «Бәйге сайысы»
Білектерді бірді, білімді мыңды жығады, — демекші білімдерін сынап көрейік.
Ойын шарты бойынша әрбір сұрақтың дұрыс жауабы 10 ұпаймен бағаланады. Сұраққа бірінші болып қол көтерген оқушы жауап береді. Егер ол ойыншының жауабы дұрыс болмаса, онда сұраққа екінші болып қол көтерген оқушы жауап береді және бірінші оқушы келесі сұраққа жауап бере алмайды, екеуі де дұрыс болмаса, жүргізуші дұрыс жауапты айтады.Ойын шарты түсінікті болса, ойынды бастаймыз.
1 сұрақ. Әлемде теңіз деңгейінен төмен жатқан ойпат? (Қарақия ойпаты)
2 сұрақ. Отбасында 7 қыз бар, әрқайсысының бір-бірден бауыры бар отбасында неше бала бар? (8 бала)
3 сұрақ. Мен қазақпын,биікпін,байтақ елмін,
Қайта тудым, өмірге қайта келдім,
Мыңда бір тірілдім мәңгі өлмеске,
Айта бергім келеді,айта бергім; авторы кім? (Жұбан Молдағалиев) «Мен қазақпын» өлеңі
4 сұрақ. Көкжиек тұстарын анықтайтын құрал, жылжымалы тілі бар, тілінің бір ұшы-көк, бір ұшы-қызыл? Тұсбағар (компос)
5 сұрақ. Ақ Азияда-2011 олимпиада қашан басталады? (30 қаңтар 2011жыл)
6 сұрақ. Қашан Қазақстан тәуелсіздік алды? (1991 жылы 16 желтоқсан)
I бөлім бойынша ұпай сандары?II бөлім «Тіл-өнер» сайысында жұмбақ шешуін және мақалдан жасырынған сөзді тауып, оның орысша, ағылшынша аудармаларын дұрыс айтса 20 ұпай тек аудармасы үшін 10 ұпай беріледі.
1 жұмбақ: Қыста болады,
Ұстасан қолын тоңады?
(қар-снег-snow)
2 жұмбақ: Тілі жоқ өзінде,
Сөзі бар ізінде.
(қаламсап-ручка-pen)
3 жұмбақ: Қабат-қабат қапталған,
Асыл сөзбен апталған,
Парағы бар сөйлейтін,
Ол қазына өлмейтін.
(кітап-книга-book)
1 мақал: Кімнің баласы болма,
Адамның баласы бол
(ата-дедушка-greenfather)
2 мақал: Оқу білім азығы
Не ырыс қазығы?
(білім-знание-nouloch)
3 мақал: Кім басыңа қарайды
Дұшпан аяғына қарайды.
(дос-друг-frend)
Екінші сайыс қорытындысы
III бөлім «Жеті жұмбақ» сайысы жеті пәннен сұрақтар берілген.
Математика, химия, физика, география, тарих, қазақ әдебиеті, спорт тақырыптары. Пәнді ұпайы аз оқушы таңдайды.
1.Математика: үш май шам жанып тұрады, екеуін сөндірсе, нешеуі қалады? 10 ұпай(2-уі жанып кетеді, 1-еуі жанып тұрады).
2.Химия: Химиялық зат NaCI күнделікті тұрмыста қолданатын қажетті нәрсе? (ас тұзы).
3.Физика: Адам өміріне неше ампер тоқ қауіпті? (1 ампер) 10 ұпай.
4.География: Каспий теңізі неше елмен шектеседі? (5 елмен.Азербайджан, Иран, Түркменстан, Қазақстан, Ресей)
5.Тарих: 870 жылы болған Маңғыстаудағы көтеріліс басшылары кімдер? (Иса Досан) 10 ұпай
6.Әдебиет: Алуан-алуан жай шықты,
Қайыры жоқ бай шықты.
Сауып ішер сүті жоқ,
Мініп көрер күші жоқ
Ақша деген мал шықты.
Авторы кім,қандай шығарма?
(Шортанбай Қанайұлы Зар заман)
7.Спорт: Қазақстандық қазақ боксшы Сидней олимпиадасының чемпионы? (Бекзат Саттарханов)
Ойын шарты бойынша ұпайы аз үш ойыншы ойынды осы жерден доғарады.
IV-бөлімде ұпайы көп ойыншы тақырыпты алғаш боп таңдайды.
Тақырыптары:
Алып тұлғалар 10 ұпайдан
Салт-дәстүр 10 ұпайдан
Спорт 10 ұпайдан
Алып тұлғалар 1)Алғаш Нобель сыйлығын алған кім?
(Рентген) 10 ұпай
2)«Жеті жарғыны» жазған кім?
(Тәуке хан) 10 ұпай
Салт-дәстүр 1)«Сыңсу» қашан айтылады?
(Қыз ұзатқанда) 10 ұпай
2)«Қымызмұрындық» деген не?
(Жазда биелерді желіге байлап,ағайын-
жекжатты қымызға шақыру)
Спорт тұлғалар 1) 1890 жылғы Мәскеу Олимпиадасының күміс жүлдегері болған боксшы (Серік Қонақбаев) 10 ұпай
2)Бейжін олимпиадасындағы чемпоион қазақ былғары қолғап
шебері кім?(Бақыт Сәрсекбаев) 10 ұпай
Ақырғы айналым 3 нұсқа әрқайсысы «Жорға» сайысы 10 сұрақтан тұрады.Әр сұрақ ұпай.
1 нұсқа
1) Санның жүзден бір бөлігі? (пайыз %)
2) Сайыс қандай сөз табы? (зат есім)
3) Менің атым Қожа фильміндегі Қожа рөлін ойнаған кім? (Нұрлан Сегізбаев)
4) Отырарда туған ұлы ойшыл,данышпан,математик? (Әбу Насыр Әл-Фараби)
5) Қазақ тілінде неше сөз табы бар? (тоғыз)
6) Жерді қоршап тұрған ауа қабаты? (Атмосфера)
7) Жарық түспейтін кеңістік? (Көлеңке)
8)Жер шарындағы халқы көп ел? (Қытай)
9)Гиннес рекордтар кітабына енген қазақ ғарышкері? (Тоқтар Әубекіров)
10)Судың қайнаған күйі? (буы)
2-нұсқа
1)Қазақ тілінде неше сөз табы бар? (9)
2)Тікбұрыш жасайтын қиысатын түзулер? (перпендикуляр)
3)Үндістан мемлекетінің алғашқы әйел президенті? (Индира Ганди)
4)Су неше градуста қайнайды? (100)
5)Оттегі неше валентті? (екі)
6)Қытай астанасы? (Бейжін Пекин)
7)1836-1837 жыл Қазақ еліндегі шаруалар көтерілісінің басшылары? (Исатай-Махамбет)
8)Абу Насыр Әл-Фараби ұстазы (Аристотель)
9)Қыз Жібек фильмінде Жібек рөлін ойнаған кім? (Меруерт Өтекешова)
10)Дәлелдеуді қажет ететін математикалық сөйлем? (теорема)
3-нұсқа
1)Қазақ тілінде жалғаудың неше түрі бар? (4)
2)Қазақтың тұңғыш ғарышкері? (Тоқтар Әубекіров)
3)Квадрат функциясының графигі? (параболла)
4)Температураны өлшеуге арналған құрал? (термометр)
5)Геннис рекордтар кітабына енген қазақ биі? (Қара жорға биі)
6)Ең бірінші байлық не? (Денсаулық)
7)Бір пұт неше кг-ға тең? (16 кг)
8)Әнұран авторалары кімдер? (Ж.Нәжімединов,Ш.Қалдаяқов,Н.Назарбаев)
9)Түбек деген не? (Бір жағы су,бір жағы құрлықпен жалғасқан құрлық)
10)Қазақтың үш биі кімдер? (Төле би,Қазыбек би,Әйтеке би)
Осымен сайысымыз өз мәресіне жетті. Жеңімпаз кім? Қазылар сөз сіздерде? Көңіл қойып тыңдағандарынызға рахмет!!!

Скачать оригинальный файл

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Adblock
detector