Урок по казахскому языку на тему Алтын к?з (5 класс)

Сабақтың тақырыбы: Алтын күз
Сабақтың мақсаты:
1) Білімділік: Күз тақырыбы бойынша алған білімдерін пысықтау,алдыңғы сабақтарда меңгерген сөздерді қайталау, ойды жүйелеп айту дағдыларын қалыптастыру.
2) Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын молайту,ауызша дұрыс сөйлеу, сауатты жазу дағдыларын дамыту.
3) Тәрбиелік: Табиғат қамқоршысы болуға, ынтымақтастыққа, бірлікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: оқушылардың білімдерін қорыту, жүйелеу сабағы .
Сабақтың әдісі: оқу-аудару, сұрақ-жауап, ауызша-жазбаша, жеке-топтық жұмыстар,диалог,дидактикалық ойын, суретпен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар,сурет,сызба,үлестірмелі материалдар,жұмбақтар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) Сәлемдесу: Мейірімді жүрекпенен,
Ақ ниетті тілекпенен,
Амандасып алайық,
Жадырап бір қалайық.
ә) Оқушыларды түгелдеу;
б) Сабаққа даярлығын қадағалау.
1. Сөзжұмбақты шешу.
Мағынасы бір-біріне қарама-қарсы сөздер. (антонимдер)
Тілдегі барлық сөздердің жиынтығы, тіл білімінің саласы.(лексика)
Тіл дыбыстарын зерттейтін сала.(фонетика)
Жұрнақ пен жалғау бір сөзбен… (қосымша)
«Слоги» сөзінің аудармасы.
Септіктің түрі.(ілік)
Дауыссыз дыбыстың түрі.(үнді)
Дауысты дыбыстың түрі. (езулік)
2. Сұрақ-жауап:
— Қазір қай жыл мезгілі?
— Күзде ауа райы қандай болады?
— Күзде қандай өзгерістер болады?
— Күз айларын атаңдар.
— Күзде құстар қайда ұшады?
— Күз туралы мақал-мәтелдер, өлеңдер білесіңдер ме? Айтып беріңдер.
ІІ.Сабақтың негізгі бөлімі:
3.Грамматикалық бөлім.
— Балалар, өткен сабақта біз қандай ережені үйрендік?
-Сөз құрамы дегеніміз не?(Состав слова)
-Сөз құрамы неден тұрады?(Түбір мен қосымшадан)
-Қосымша неден тұрады? (Жұрнақ пен жалғаудан)
-Мысалдар келтірейік.
4. Мәтінмен жұмыс: а) мәтінге атау қою.
ә) асты сызылған сөздерді сөз құрамына талдау.
Күз келді. Күндіз күн жылы, түн салқын болады. Жиі-жиі жаңбыр жауады. Құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Ағаштардың жапырақтары сарғаяды. Күзде жемістер, көкөністер піседі. Диқаншылар егін жинайды. Күз- молшылық мезгілі. Жылдың ең бір ғажайып айлары- күз айлары.
5. Суретпен жұмыс: І топ -берілген суреттер бойынша бірнеше сөйлем құрастыру.
ІІ топ — берілген суреттер бойынша диалог құрастыру.
6. «Әрі ойна, әрі ойла» ойыны
ІІІ. Сабақты бекіту кезеңі:
7. «Сиқырлы сандықша» . Сандықшада сұрақтар жасырылған, жауап берейік.
Фонетика нені зерттейді?
Қазақ тілінде неше әріп бар?
Қазақ тілінде неше дыбыс бар?
Дауысты дыбыстар қалай бөлінеді?
Дауыссыз дыбыстар қалай бөлінеді?
Үндестік заңы қалай аударылады?
Буынның неше түрі бар? Оларды ата.
8. «Қиындықтан өту». Қиындатылған тапсырманы орындау, жақшаның ішіндегі сөздерді аударып жазу.
9. Кітаппен жұмыс: Оқулықтың 37 бетінде 2- тапсырма.(жазбаша)
Мына сөздерден сөйлем құрастыру.
Өте, салқын,кеше,болды. (Кеше өте салқын болды.)
Қандай, бүгін, ауа райы. (Бүгін ауа райы қандай?)
Ертең, болады,күн, тамаша. (Ертең күн тамаша болады.)
Қандай, күн, тамаша. (Күн қандай тамаша!)
Соқты, жел, кеше, қатты. (Кеше қатты жел соқты.)
10.Сабақты қорытындылау:
-Балалар, бүгінгі сабақта біз қандай тақырыпты өттік? Не білдік? Не үйрендік?
11.Үй тапсырмасын беру: шағын шығарма жазу
12.Бағалау.

Скачать оригинальный файл

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *