С?йлем м?шелері 6 класс

Сабақтың тақырыбы: Сөйлемді еске түсіремізСабақтың мақсаты:Білімділік: Оқушылардың сөйлем туралы түсініктерін кеңейту, сөйлемді жүйелі құруға, өздігінен қорытынды шығара білуге үйрету.Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық қабілетін тақырыпқа сай меңгерту, қалыптастыру.Тәрбиелік: Оқушылардың сауатты әдемі жазу дағдысын қалыптастыру, ойын жүйелі, жатық жеткізе білуге, белсенділіктерін арттыруға тәрбиелеу.Сабақтың әдістері: ойын, деңгейлік тапсырмалар, тест, сәйкестендіру тесті.Сабақтың түрі: қайталау сабағыСабақтың типі: аралас сабақКөрнекілігі: оқулық, кестелер, тест, деңгейлік тапсырмаПәнаралық байланыс: математика.Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.1. Оқушыларды түгендеу.Психологиялық дайындық:«Қайырлы күн» деп айтамыз,Түсте үйге қайтамыз.Отбасының гүліміз,Бірге өтер күніміз.Сыныбымыз тап — таза,Бор да дайын тақтада.Ойымызды жинақтап,Отырайық партаға.Қазақ тілі жайлы бір шумақ өлеңді хормен айтқызу.Қазақ тілім — өз тілім, ана тілім,Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.Қастерлейді ұл — қызың мәңгі сені,Болашағым, бақытым, дара тілім.- Міне, балалар, кемеңгер, ғұлама ақын — жазушыларымыздың тілі — туған тіліміз — қазақ тілі сабағы екен.ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.4 — жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, көшіріп жаз.ІІІ. Өткен сабақты бекіту.Тест алу.1. Дұрыс жауапты белгіле.а) Сөйлем сөздерден құралады.ә) Сөйлем сөздерден құралмайды.б) Сөйлемнің соңынан тыныс белгі қойылмайды.2. Көп нүктенің орнына керекті сөзді тап.Ақыл азбайды, білім…а) тозбайдыә) жүрмейдіб) күлмейді3. Қай сөйлем аяқталған ойды білдіріп тұр?а) Күн жылына бастады.ә) Қар еріп.б) Құстар қайтып.4. Дұрыс құралған сөйлемді тап.а) Барды Қанат мектепке.ә) Қанат мектепке барды.б) Мектепке барды Қанат.5. Қайда барды? Сұрағына жауап тап.а) Мектепке кеттіә) Мектепке барды.б) Мектептен келді.ІҮ. Жаңа сабақ.«Сөзжұмбақ» шешу арқылы сабақтың тақырыбын ашу.- Біздің бүгінгі сабағымыз өткенді қайталау.- Сөйлем неден құралады?Сөйлем сөзден құралады.- Онда дұрыс сөйлем құраңдаршы.Бүгін күн жылы болды. Ағаштар бүршік жарды.- Дұрыс, сөйлем толық болуы үшін сөйлемде зат есім, етістік, тұрлаусыз мүшелер болуы керек.Оқулықпен жұмыс.1 — жаттығу. Тиісті тыныс белгілерін қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.Өркенің өссін, балам! Шоқан тоғызға толды ма? Дастарханнан дәм кетпесін. Қаз, үйрек, тауық — үй құстары. Азамат болып өс! Тоғайда қайың, терек, емен өседі. Шырша қайда өседі?Сергіту сәтіЖазу жаздық өзіміз,Шаршап қалды қолымыз.Бір, екі, үш.Бойға жинап күш.2 — жаттығу. Алдымен хабарлы, сонан соң сұраулы және лепті сөйлемдерді ретімен көшіріп жаз.Мынау не, ата? Демалыс күні ата — анам жұмысқа бармайды. Саябаққа машинамен барамыз ба? Алақай, ертең атаммен бәйгеге барамыз! Данияр әлі кішкентай. Тоғай іші сондай керемет!Ү. Сабақты бекіту. Деңгейлік тапсырмалар беруІ деңгей.1. Орны ауысқан сөздерді дұрыстап, сөйлем құра.Үшінші, оқимын, сыныпта, мен. Қай, балалар, мезгіл, қазір?ІІ деңгей1. Мақалдың жалғасын жаз.Еңбек етсең ерінбей,——————————-2. Жаңылтпаштағы сұраулы сөйлемді лепті сөйлемге айналдырып жаз.Қараңыздар, қалай бізҚабырғалар қалаймыз?Қалаймыз да, қараймыз,Қараймыз да, қалаймызІІІ деңгей.1. Тауда демалғаныңды, қуанышты хабарды, сабақтан бестік алғаныңды, Астанаға қыдырып барғаныңды, спорттық жарыстан жеңімпаз атанғаныңды алдымен хабарлы сөйлем, сонан соң лепті сөйлем түрінде жаз.ҮІ. Сабақты қорыту. «Сәйкестендіру» тесті.Хабарлы сөйлем Орман іші сондай керемет!Сұраулы сөйлем Күзде жаңбыр көп жауады.Лепті сөйлем Сен нешінші сыныпта оқисың?ҮІ. Оқушыларды бағалау.

Скачать оригинальный файл

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Adblock
detector