Разработка внеклассного мероприятия по физике К??ілді тап?ырлар (7-8 классы)

«Көңілді тапқырлар» сайысы
Мақсаты:оқушылардың білімдерін бақылау, пәнге деген қызығушылығын ояту, таным белсенділіктерін арттыру.
Жүргізуші: Мектебімізде өтіп жатқан физика, информатика апталығында физика пәнінен «Көңілді тапқырлар» сайысының куәгері боласыздар. «Білімді азамат – ел ертеңі», «Білекті бірді,білімді мыңды жығар», «Білім мен даналық – адам көркі», «Халыққа наннан кейінгі ең қажеттісі — Білім» т.с.с. білім туралы ұлы тұлғалардың сөздері мен халықтың нақыл сөздері бекерден бекерге айтылмаса керек.
«Көңілді тапқырлар» сайысына екі топ келіп отыр.
І топ: 7а, 8а сынып оқушыларынан құралған «Атом» тобы.
ІІ топ: 7а, 8а сынып оқушыларынан құрылған «Молекула» тобы.
Сайыс «Физика тілінде сөйлесек», «Физика айналамызда», «Физикалық тәжірибелер», «Жұмбақ сырын ашайық», «Топтың атын қорғау» атты бес бөлімнен тұрады.
Жүргізуші:
Егеменді қазақтың біз ұланы
Өз туы бар, елтаңба, әнұраны
Үмітін ақтайтын біз аға ұрпақтың
Самғайтын биіктерге тау қыраны
Бабамыз Резерфорд өзің қолда
Жеңіс тек бізде болар осы жолда.
Достар – ау сендерде бір қолпаштаңдар
Отырған дәл алды – да, оң мен солда.
«Физика тілінде сөйлесек» сайысы бойынша екі топқа тапсырма:
І топ: «Атом» тобы
Физика – грешке «физюс» — табиғат дегенді білдіреді.
Калория – латынша «калор» — жылу, қызу.
Вакуум – латынша «vacuum» — бостық дегенді білдіреді.
Электрон – «electron» — янтар грек сөзінен шыққан.
Диффузия – латынша жайылу, таралу.
ІІ топ: «Молекула» тобы.
Деформация – латынша (бүліну, бұзылу, иілу, бұралу).
Инерция – латынша (қозғалыссыздық, әрекетсіздік).
Капилляторлар – «капиллярис» — шаш.
Манометр – грекше «манос» — сирек, тығыз емес, «метрео — өлшеймін».
Кинетикалық – грекше «кинетикос» — қозғалыс.
«Физика біздің айналамызда» сайысы бойынша екі топқа тапсырма:
І топ:
Ет, балық, банкілерді тұздау қандай құбылысқа негізделген?
Қандай етік суықтан сақтайды, тары ма, әлде кеңі ме?
Қандай ыдыстарға су құйылмайды?
Егер стакандағы судың бәрін ішіп қойса, ішінде не қалады?
Ашық ыдыстағы су неге азаяды?
ІІ топ:
Не себепті желдеткіш ток көзінен ажыратылған соң, біразға дейін айналып тұрады?
Судың қатты күйі.
Қай планетаның сақинасы бар?
Неліктен су отты сөндіреді?
Теңізде қандай тастар табылмайды?
«Физикалық тәжірибелер» сайысы бойынша екі топқа тапсырма:
І топ:
Әдемі түнде.
Мен жүрсем, жүреді бірге.
Құрметтейік ғалымды,
Ғылымды алға жылжытқан
Инерция құбылысын
Айтшы, достар, кім ашқан?
Аса қажет өмірге халық үшін.
Пайдаланамын күн сайын жарық үшін,
Шетін көргенмен,
Қусаң жете алмайсың.
Көзіңмен көресің, бірақ қолыңмен ұстай алмайсың.
ІІ топ:
Бар жоғын оның білмейсің
Онсыз өмір сүрмейсің.
Аяғы жоқ, қолы жоқ
Бірақ үйге кіреді.
Алма түсіп қасына
Қасына емес басына
Тартылыс күшін аштым деп,
Кетті ғалым асыға.
Көкке қараған, жұлдыз санаған.
Дауысы да ілеспес
Өзі ұшқан қарқынға
Созған шүйке іспеттес
Жол қалады артында.
5. «Топтың атың қорғау» сайысы бойынша екі топқа тапсырма:
І топ:
Төс белгілеріндегі әріптердің біріне сәйкес физикалық сөздікке толық мағлұмат беру. Мысалы: «А» алюминий қатты, пішіні мен көлемін сақтайды, токты жақсы өткізеді, магнитке тартылмайды, жақсы деформацияланады т.б.
ІІ топ:
Жүргізуші:
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың
Қиындықтан өткізер, деп бүгінгі білім сайысын қорытындылаймыз.
Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп – көп рахмет!
Батыс Қазақстан облысы
Теректі ауданы
Ұзынкөл жалпы орта
білім беретін мектебі
физика пәнінің мұғалімі
Байгалиева Алия Дуйсекешовна

Скачать оригинальный файл

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Adblock
detector