Презентация на тему "жидкостная хроматография" по химии

Презентация по слайдам
Слайд №1

Текст слайда: Орындаған: Эргашбеков Х Топ: ТК-701 СӨЖ СЕМЕЙ2018 Тақырыбы: Үлбір мен былғарыны сапасына байланысты сұрыптау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ


Слайд №2

Текст слайда: Былғары мен үлбір өндірісінің міндеті халық тұтынатын бұйымдар дайындау үшін мал терілерінен былғары мен үлбір алу болып табылады. Былғары мен үлбір бұйымдарын тұтынатын халықтың қажеттілігі өскен сайын былғары мен үлбір өнеркәсіптерінен өнімнің көбеюін, былғары мен үлбірдің сапасы және сыртқы түрінің жақсаруын, сонымен қатар әрдайым ассортименттердің көбеюі мен жаңаруын талап етеді.


Слайд №3

Текст слайда: Былғары мен үлбір өндірісі - ертеден келе жатқан өндірістердің бірі. Сол ерте замандағы адамдардың теріні былғарыға айналдыру қабілеті бар екендігі біздің заманымызға дейін жеткен. Заманауи былғары мен үлбір өндірістерінің үрдістері екі топқа бөлінеді. Бірінші топтың негізі химиялық және физика-химиялық үрдістерден тұрады, ал екінші топ механикалық үрдістерден тұрады


Слайд №4

Текст слайда: Былғары мен үлбірдің қасиеті шикізаттың химиялық табиғатына байланысты, сонымен бірге шикізат пен жартылай фабрикатқа әсер ететін химиялық, физика-химиялық және механикалық үрдістердің жиынтығына да тәуелді болады.


Слайд №5

Текст слайда: Химиялық және физика-химиялық үрдістер алынған шикізаттың ішкі құрылымы және құрамының өзгеруімен сипатталады Былғары мен үлбірді өңдеудің технологиялық үрдістері химия, физика, механика және т.б. ғылымдардың негізгі ережелерін тәжірибе жүзінде қолдануды қарастырады.


Слайд №6

Текст слайда: Былғары фабрикаттарының сапасына , типтік сипаттамалары мен былғары түрлеріне талаптар мемлекеттік жалпысоюздық стандарттармен белгіленелі (МЕМСТ).


Слайд №7

Текст слайда: Стандарт атауы әдетте стандарттаушы объекттерге сәйкес келеді, мысалы: МЕМСТ 939-41 «аяқ киімнің жоғарғы жағына арналған хромдық былғары». Санның бірінші тобы МЕМСТ –тың қатарлық нөмірін көрсетеді, екіншісі бекіту жылы. МЕМСТ құрамы мына бөліктерден тұрады: 1) анықтау, 2) классификация, 3) техникалық шарттар, 4) сұрыптау, 5) қабылдау шарттары мен сынамалар, 6)маркілеу, буып-түю, сақтау және тасымалдау. Былғары фабрикатының кейбір бөліктері 4, 5 және 6 шыларына жеке МЕМСТ бөлінген (қатты былғары, аяқ киімнің жоғарғы жағына арналған хромды, ұлтанды былғарылар).


Слайд №8

Текст слайда: «Анықтамасында» былғары фабрикатының жалпы сипаттамасы көрсетіледі. «Классификациясында» былғарының жалпы сипаттамасы көрсетіледі, шикізат түрі, конфигурациясы, илеу әдісі, бояу, әрлеу, ауданының өлшеміне, қалыңдығына және басқа белгілеріне байланысты бөлінуі көрсетіледі.


Слайд №9

Текст слайда: «Техникалық шартында» сыртқы түрі және былғарының сапасы сипатталады, сонымен қатар органолептикалық қасиеттері қарастырылады: иленгендігі, қаттылығы, иілгіштігі, біртекті бөлінуі.


Слайд №10

Текст слайда: Осы бөлімде химиялық анализдері мен физико-механикалық зерттеулерінің нормалаушы көрсеткіштерін соңғы жіберілетін шектеуін құратын «химиялық құрамының нормасы және физико-механикалық қасиеттері» жүргізіледі, мысалы: ылғал мөлшері, май, хром тотығы, рН, гигротермиялық тұрақтылығы, илегіш коэфициенті, созу кезіндегі беріктік шегі.


Слайд №11

Текст слайда: Былғарыны ұзақ сақтау кезінде жылына екі рет қарастырып, қайта салу керек. Көгерген былғарыны шығарып, жақсылап тазалап ауада кептіреді. Тасымалдау щарты бойынша буып түю талаптарын орындап және былғарыны ылғал мен желденуден қорғайды.


Добавить комментарий

You must have JavaScript enabled to use this form.