Польза и вред компьютера сочинение на казахском

Ответ:
Компьютердің пайдасы мен зияны
Жаһанданудың нәтижесінде, компьютер және басқа электронды құралдар адам өмірінің айнымас бөлігіне айналды. Мысалы, компьютерлер жұмыс барысында, оқуда және  ойын-сауық үшін қажетті. Алайда, бұл құрылғының пайдалы жақтарымен қатар, зияны да бар. 
Компьютер біздің өмірімізді жеңілдетеді. Алыс-жақында тұратын туыстармен лезде сөйлесуге болады. Зеріккенде кино көріп, ойын ойнауға да мүмкіндік етеді. Ал зиянына келетін болсақ, ол адамның көзін зақымдап, ұйқыдан айырады. Әсіресе, түнде компьютерді көп қолданатын адамдардың күн тәртібі бұзылады. 
Компьютерді әр адам өзінің денсаулығына және күнделікті қажеттілігіне қарай пайдалану керек. 

Добавить комментарий

You must have JavaScript enabled to use this form.