Ат жарысы ангиме курап бериндерши

Ат жарыс — көшпелі ортадағы үлкен жиын, ас, тойларда өткізілетін ат ойынының негізгі түрі, қауымның мәртебесі мен салтанаты сынға түсетін жарыс. Қазақы ортада аламан бәйгемен бірге тай, құнан,жорға жарысы өткізу үрдіске айналған. Ертеректе аламан бәйге күндік жерден салынатын болған. Ол үшін аттар таң сәреден айдалып, ат шабар бала сусын, айран-шалабын ала жүретін болған.

Қалыптасқан дағды бойынша, әрбір үлкен жарыс, той, астарда оны ұйымдастыратын арнайы топ алдын ала сайланады және оған әр рудан, атадан өкілдер енгізілген. Бәйге кезінде қарақұрық болмауы үшін білікті бірнеше адам жарыстың әділ өтуін қадағалайды. Сайыстың билігі сыйлы деген екі ақсақалға жүктеледі және оның бірі көмбеге, екіншісі мәреде міндетті жауапкершілігін атқарады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *