Саба?ты? та?ырыбы: Есімдік. Жіктеу есімдігі


Сабақтың тақырыбы: Есімдік. Жіктеу есімдігіСабақтың мақсаты:Білімділік: Есімдік, жіктеу есімдігі туралы түсінік беру. Ауызша, жазбаша талдау жұмыстарын жүргізе отырып, білімдерін бекіту.Дамытушылық: Ойлау қабілеттерін, қиялдарын дамыту; ой қорытып, нақты шешім жасауға үйретіп, өздеріне сенімдерін арттыру.Тәрбиелік: Сауатты жазуға, ұқыптылыққа баулу, бір – бірін тыңдай білуге үйрету, сөйлеу мәдениеттерін қалыптастыру.Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап, СТО элементтері, өзін - өзі бағалау.Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, кеспе қағаздар.Пәнаралық байланыс: Әдебиет, дүниетануСабақтың барысы:I. Ұйымдастыру.1. Оқушылармен сәлемдесу.2. Зейіндерін сабаққа аудару.3. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.4. Психологиялық дайындықІІ. Үй тапсырмасын сұрау- Сөзжұмбақ шешу1. Заттың санын, мөлшерін, ретін білдіретін сөз табын не дейміз?(Сан есім)2. Заттың нақтылы санын білдіріп, қанша? неше? деген сұрақтарға жауап береді(Есептік)3. Сан есім қандай сұрақтарға жауап береді?(қанша? неше? нешеу? нешінші?)4. Болжалдық сан есімдер..., шақты, жуық деген көмекші сөздер 10 - нан ары қарайғы сандарға жалғанады.(шамалы)5. Заттың санын дәл білдірмей, шамамен болжалдап көрсетеді де, қанша? неше? қай шамалы? қаншадан? сияқты сұрақтарға жауап береді.(болжалдық)6. Бөлшектік сан есімнің құрамы(күрделі)7. Екі не одан да көп түбірдің тіркесінен немесе қосарлануынан жасалған сан есім (күрделі)1. Қызықты мағлұмат.1. Түнде сауылған сиыр сүті ұйықтататын дәрі сияқты әсер етеді.2. Қолтырауынның майы жасыл түсті болады.3. Кейбір қарлығаш ұшып жүріп ұйықтайды екен.4. Төрт тізесі бар жалғыз аң – піл.5. Бегемоттар су астында туады.6. Колибри жүре алмайды.ІІІ. Жаңа сабақЕсімдікҚұрамына қарай↓Дара - КүрделіЖасалу ж. қ.↓Негізгі - ТуындыМағынасына қарай↓Жіктеу есімдігіСілтеу есімдігіСұрау есімдігіӨздік есімдігіЖалпылау есімдігіБолымсыздық есімдігіБелгісіздік есімдігіБелгілі бір заттық ұғыммен байланысты қолданылатын есімдіктің түрі жіктеу есімдігі деп аталады. Олар: мен, сен, ол, біз, біздер, сіздер, олар. Жіктеу есімдігінің үш жағы және жекеше, көпше түрі болады.IV. «Артық білім кітапта»Оқулықпен жұмыс141 - жаттығуЖіктеу есімдіктері: ол, сен, сені, мен2. Қызықты мағлұмат.1. Шегірткенің қаны – ақ түсті.2. Өзін өзі айнадан танитын жалғыз аң – шимпанзе.3. Жүзе алатын, бірақ ұша алмайтын жалғыз құс – пингвин.4. Жолбарыстың жүні ғана емес, терісі де жолақ.5. Жылқының сүйегі адамдікінен 18 - ге артық.6. Жердегі жануарлардың ішінде ең жүрегі үлкен аң – керікV. Тақтамен жұмыс.142 - жаттығуБіз - жіктеу есімдігі, І жақта, атау септігінде тұрБіздің - жіктеу есімдігі, І жақта, ілік септігінде тұрСені - жіктеу есімдігі, ІІ жақта,- і тәуелдік жалғаудың ІІ жағыБізге - жіктеу есімдігі, І жақта, барыс септігінде тұрСенімен - жіктеу есімдігі,- і тәуелдік жалғау ІІ жақ,- мен көмектес септікте тұрСенің - жіктеу есімдігі,- ің3. Қызықты мағлұмат.1. Дельфин бір көзін ашып ұйықтайды.2. Түйеге қарағанда егеуқұйрық шөлге төзімдірек.3. Жыландар қоректенбей үш жыл ұйықтай алады.4. Ұлудың тістері тамақты майдалау үшін, тілінде орналасқан.5. Бүйі екі жылға дейін, кенелер он жылға дейін қорексіз өмір сүре алады.6. Бассыз тарақан тоғыз күнге дейін өмір сүреді, содан кейін аштан өледі.VI. Дәптермен жұмыс143 - жаттығуСені - жіктеу есімдігі, ІІ жақ (анайы),- і тәуелдік жалғаудың ІІ жағыМенің - жіктеу есімдігі, І жақта, ілік септігінде тұрСен - жіктеу есімдігі, ІІ жақта, атау септікте тұрМенде - жіктеу есімдігі, І жақта, жатыс септігінде тұр.

Добавить комментарий

You must have JavaScript enabled to use this form.